
Тараз теміржол көлігі және коммуникациялар колледжінің 2, 3 және 4 курс студенттерімен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Кездесу барысында Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу шарттары, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарына қызметке қабылдау және алғашқы кәсіптік даярлықтан өту тәртібі түсіндірілді. Іс-шара болашақ мамандарды азаматтық қорғау саласына тартуға және кәсіби бағдар беруге бағытталды.
Жамбыл облысы ТЖД