
Жамбыл облысының Талас ауданында, Қаратау ауылдық округіне қарасты Есейхан ауылында тұрмыстық қауіпсіздікті арттыру мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Аталған іс-шара Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан ұйымдастырылды. Іс-шара барысында құтқарушылар тұрғын үйлерге улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнатты. Әсіресе әлеуметтік осал топтағы тұрғындардың үйлеріне ерекше назар аударылды, себебі бұл санаттағы азаматтар үшін жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупі жоғары. Жүргізілген профилактикалық жұмыстар улы газбен улану оқиғаларының алдын алуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жылыту маусымы кезеңінде тұрмыстық өрттердің санын азайтуға бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД