Меркі ауданында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Меркі ауданында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Т. Рысқұлов ауылдық округінің тұрғындары арасында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға пеш пен мұржаны уақтылы тазалау, электр жылытқыштарын қараусыз қалдырмау, газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, жанғыш заттарды жылу көздеріне жақын орналастырмау қажеттілігі түсіндірілді. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау және өрт шыққан жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу керектігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД