Тараз қаласында өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті

Тараз қаласында өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті

Тараз қаласы ТЖБ №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында қаладағы №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің оқушылары және ұстаздарының қатысуымен ашық есік күні өтті. Азаматтық қорғау қызметкерлері өз кезегінде оқушыларды құтқарушылардың күнделікті жұмыстарымен, ғимарат бөлмелерімен, өрт сөндірушілердің мұражайымен таныстырды. Шара соңында олар жас қонақтарға Көкшетау қаласындағы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсудің тәртібімен және талаптарымен таныстырып, өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл облысы ТЖД