
Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ойтал ауылдық округінде тұрғындармен жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қыс мезгілінде тұрғын үйлер мен ғимараттарда жылу көздерін пайдалану артады. Пештер, электр жылытқыштары және газ қондырғылары күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылады. Алайда, аталған құралдарды қауіпсіздік талаптарын сақтамай пайдалану өрттің туындау қаупін арттырады. Іс-шара барысында мамандар пештерді дұрыс пайдалану, электр және газ құрылғыларын қауіпсіз қолдану, жылыту құралдарын қараусыз қалдырмау, сондай-ақ өрттің алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.
Жамбыл облысы ТЖД