Сарысу ауданында балабақшаларда жаңа жылдық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сарысу ауданында балабақшаларда жаңа жылдық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері балабақшаларда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігі мен пиротехникалық заттардың қауіптілігі түсіндіріліп, ал тәрбиешілерге шырша орнату, электр гирляндаларын қауіпсіз пайдалану және эвакуациялау тәртібі жөнінде нұсқаулық берілді. Алдын алу жұмыстары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Жамбыл облысы ТЖД