Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері пиротехникалық бұйымдар сататын дүкендерде профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында сатушылар мен тұрғындарға пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Жамбыл облысы ТЖД