Жамбыл облысында пиротехника бойынша рейдтерді жалғасуда

Жамбыл облысында пиротехника бойынша рейдтерді жалғасуда

Жамбыл облысының құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдардың айналымы мен қолданылуын бақылау бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды жалғастыруда. Рейд барысында базарлар, сауда орындары, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлер тексеріледі. Сатушылар мен тұрғындарға қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілуде. Құтқарушылар сертификатталмаған пиротехниканы қолдану, сақтау және іске қосу ережелерін бұзу өртке, жарақат алуға және басқа да төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертеді. Қауіпсіздік талаптарын сақтау — әр азаматтың жауапкершілігі.

Жамбыл облысы ТЖД