Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округінде жаңа жылдық шырша өтетін орындардың өрт қауіпсіздігі зерделенді. Тексеру жұмыстары мерекелік іс-шаралар кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт қаупінің алдын алу мақсатында жүргізілді. Зерделеу барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, эвакуация жолдарының ашықтығы, электр жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуы назарға алынды.
Жамбыл облысы ТЖД