
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Сарымолдаев ауылдық округінде жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара тұрғындар арасында өрттің алдын алу және қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Түсіндіру барысында қыс мезгілінде жиі қолданылатын пештерді, электр жылытқыштарын және газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану тәртібі жан-жақты айтылды. Қызметкерлер жылу көздерін дұрыс орнату, ақаулы құралдарды пайдаланбау, электр желісіне артық салмақ түсірмеу және пеш мұржаларын уақытылы тазалау қажеттігін ескертті.
Жамбыл облысы ТЖД