Шу ауданында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шу ауданында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Шу ауданында мерекелік іс-шаралар өтетін нысандарда өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндіру-профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Іс-шаралар Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен өткізілді. Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту. Кездесулер барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр құралдарын дұрыс және қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Жамбыл облысы ТЖД