Сарысу ауданында қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Сарысу ауданында қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен Жаңатас қаласы №16 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жаңа жыл мерекесі қарсаңында жиналыс өткізді. Кездесу барысында мерекелік кезеңдегі күшейтілген кезекшілік тәртібі, жол қозғалысы қауіпсіздігі, сондай-ақ жаңа жылдық іс-шаралар мен банкеттерді өткізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары талқыланды. Пиротехникалық бұйымдарды қолдануды бақылау, халық көп жиналатын орындарда қауіптің алдын алу және қолайсыз ауа райына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жамбыл облысы ТЖД