«Отбасы банк» Жамбыл облысының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді

«Отбасы банк» Жамбыл облысының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бүгін Департаменттің мәжіліс залында Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі АҚ Жамбыл облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырды. Спикерлер жеке құрамға тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй төлемдерін алу шарттары туралы мәлімет берді. Сондай-ақ, банк өкілдері «Қаржылық сауаттылық, оның ішінде қаржы пирамидасы» тақырыбында дәріс сабағын өткізді. Іс-шараға ТЖД аппаратының қызметкерлері, Тараз қаласы ТЖБ және Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы қатысты. Барлық аудандық бөлімшелер Zoom бейнеконференциясы арқылы қатысты.

Жамбыл облысы ТЖД