
Бүгін Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының базасында Тараз қаласы мамандандырылған колледжінің студенттері үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер құтқарушылардың құтқару техникаларымен және түрлі сипаттағы құтқару жарақтарымен кеңінен танысып, олардың адамдар мен техникаларды, құнды мүліктерді түрлі сипаттағы апаттардан құтқару жұмыстары жайлы қызықты әңгімелеріне қанық болды. Жастар бұрын соңды өздері көрмеген, қалың қар мен терең суда да жүре беретін «Трэкол» алып техникасына мініп, құрал-саймандарды өз қолдарымен ұстап көріп, көкейдегі сауалдарын құтқарушыларға жарыса қойды. Құтқарушылар да өз кезектерінде болашақ құтқарушы ммандығында білім алып жүрген жастарға ақыл-кеңестерін айтып, әрқашан қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
Жамбыл облысы ТЖД