
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Ойтал ауылдық округінде тұрғындар арасында жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – қыс мезгілінде тұрмыстық өрттердің алдын алу және халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыру. Қыс кезеңінде тұрғын үйлер мен ғимараттарда пештер, электр жылытқыштары және газ қондырғылары кеңінен қолданылады. Бұл жылу көздері тұрмыста аса қажетті болғанымен, оларды қауіпсіздік талаптарын сақтамай пайдалану өрттің шығуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға жылу жүйелерін дұрыс пайдалану, ақаулы құралдарды қолданбау және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Мұндай профилактикалық жұмыстар халықтың өмірі мен мүлкін қорғауға, сондай-ақ жылыту маусымында өрт қаупін төмендетуге бағытталған.
Жамбыл облысы ТЖД