
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жамбыл облысының құтқарушылары жыл сайынғы қайырымдылық дәстүрі аясында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға қолдау көрсетіп келеді. Мұндай игі бастамалар жыл сайын ұйымдастырылып, ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін жандарға қуаныш сыйлауға бағытталған. Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің филиалына жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Құтқарушылар үшін бұл шаралар олардың әлеуметтік миссиясының ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір қызметкер мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік көңіл күй сыйлау және қолдау көрсету үшін өз үлесін қосты.
Жамбыл облысы ТЖД