
Жамбыл облысы Жуалы ауданында Кеңес Одағының Батыры, көрнекті қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті. Б. Момышұлы ауылында батырдың ескерткіші алдында Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы гүл шоқтарын қойып, оның рухына құрмет көрсетті. Өткізілген іс-шара Отанға адал қызмет ету, парызға беріктік және жоғары адамгершілік құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте еске салды. Бауыржан Момышұлының есімі бүгінгі күнгі қорғаушылар мен құтқарушылар үшін де үлгі-өнеге болып қала береді.
Жамбыл облысы ТЖД