Жамбыл облысында ҚР ТЖМ мерейтойлық медальдарымен марапаттау өтті

Жамбыл облысында ҚР ТЖМ мерейтойлық медальдарымен марапаттау өтті

Бүгін Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде қызмет ардагерлерін, түрлі ұйымдардың өкілдерін және департамент бөлімшелерінің жеке құрамын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Жамбыл облысы ТЖД мәжіліс залында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «30 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды. Салтанатты рәсім барысында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы марапатталған азаматтарға көпжылдық адал еңбегі, кәсібилігі және Министрлік құрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Ардагерлердің, қызмет атқарып жүрген мамандардың және әріптес ұйым өкілдерінің бірлескен еңбегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою тиімділігін арттыруға, сондай-ақ өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор ықпал ететіні атап өтілді.

Жамбыл облысы ТЖД