
2025 жылдың 03-09 желтоқсаны аралығында Астана қаласындағы «Құтқарушы» жеңіл атлетик спорт кешенінде «WorldSkills Kazakhstan 2025» Республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Аталған шараға Жамбыл облысы ТЖД аумағындағы спорттық алаңда жаттығып, облыстың намысын қорғап жүрген Тараз мамандандырылған колледжінің жасөспірімдер командасының спортшы студенттері де арнайы барып қатысып, жалпы командалық есеп бойынша оқу мұнарасының 3-қабатына көтерілу түрінен 1-орын, 100 метрлік кедергілері бар жолақпен жүгіруден – 1 орын, жауынгерлік қанат жаю түрі бойынша да 1-орынды иеленіп, тіпті бақылау тексеру сынағында да біздің команда 1-орынды иеленіп, Жамбыл облысының командасына «Шебер» деген атақ берілді. Еске сала кетсек, бұған дейін аталған жасөспірімдер командасы ағымдағы жылдың 23-24 қарашасында Қызылорда облысында өткен чемпионатта да жоғары жүлделерге ие болғаны белгілі. Атап айтқанда, оқу мұнарасының 2-қабатына шабуылдық сатымен көтерілуден Ернұр Нұрмаш - 1 орынды иеленсе, дәл осы спорт түрінен қыздар арасында 1-орынды Вагнер Снежана иеленді. Ал Ислам Тешебай - 2 орынды жеңіп алса, Жалғас Бүркітбай 3-орынды иеленіп, жеңіс туын көгімізде желбіретті. Аталған жарыстарға команданы Жамбыл облысы ТЖД азаматтық қорғау қызметкерлері, аға тренер Ескендір Әйділда мен жаттықтырушы Санжар Ибрагим бастап барған болатын. Облысымыздың жеңіс туын желбіретіп қайтқан жеңімпаз команда мүшелері, жеңістеріңіз құтты болсын!
Жамбыл облысы ТЖД