Тараз қаласындағы өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті

Тараз қаласындағы өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні өтті

Тараз қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде қаладағы №51 және №42 мектептердің оқушыларының қатысуымен ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқушылар өрт сөндіру техникаларымен және авариялық-құтқару құралдарымен танысып, құтқарушылардың жауынгерлік киімдерін киіп көрді. ТЖБ офицерлері өрт сөндіргішті дұрыс қолдану тәсілдерін көрсетіп, ҚР ТЖМ «М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушылар азаматтық қорғау қызметкерінің зейнетке шығу рәсіміне және өрт-құтқару спорты бойынша спортшылардың жаттығуларына куә болды.

Жамбыл облысы ТЖД