
Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қаратау қаласындағы «Мектеп-лицей» оқушыларына қысқы кезеңдегі қауіпсіздік шаралары және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл жасау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушыларға мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері, ауа райының қолайсыз жағдайларында сақтық шараларын сақтау, сондай-ақ түрлі төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғау тәсілдері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, бөлім қызметкерлері балық аулауға арналған дүкен иелерімен кездесіп, су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары жөнінде түсіндірме жұмыстарын өткізді. Оларға құтқару кеудешелерін міндетті түрде пайдалану, жағалау аймағында қауіпсіздік шараларын сақтау және судағы төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД