Аудандық бөлімдерде Тәуелсіздік күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті

Аудандық бөлімдерде Тәуелсіздік күніне орай бірқатар іс-шаралар өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысының Байзақ, Жуалы, Сарысу және Жамбыл аудандарында бірқатар тәрбиелік және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған аудандарда Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жеке құрамы үшін дөңгелек үстелдер өткізілді, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына арналған деректі фильмдер көрсетілді, сондай-ақ музейлерге экскурсиялар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында қызметкерлерге Тәуелсіздіктің тарихи маңызы, елдің қалыптасу жолындағы қиын кезеңдер, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтардың ерлігі мен қайсарлығы туралы кеңінен ақпарат берілді.

Жамбыл облысы ТЖД