
Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына тұрғындарды тіркеу және ақпараттандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара аясында QR-кодтар бөлімнің қызметтік автокөліктеріне, халық көп жиналатын орындарға, сауда нысандарына, халық тасымалдайтын қоғамдық көліктерге, сондай-ақ түрлі инфрақұрылым объектілеріне орналастырылды. Аталған жұмыстар тұрғындардың ресми ақпарат көздеріне қолжетімділігін арттыруға және төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар болуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Жамбыл облысы ТЖД