Шу ауданында жеке құрамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шу ауданында жеке құрамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін дәстүрлі емес діни идеологиядан қорғауға бағытталған жалпы алдын алу шараларын өткізу жоспарына сәйкес, Шу ауданы ТЖБ жеке құрамына түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ Шу ауданы бойынша арнайы бөлімінің қызметкері Боранқұл Нұрдаулет қатысып, дәстүрлі емес діни идеологияның белгілері, оның қауіптілігі және алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Түсіндіру жұмыстары жеке құрамның құқықтық және рухани тұрақтылығын нығайтуға, сондай-ақ теріс діни ағымдардың ықпалын болдырмауға бағытталды.

Жамбыл облысы ТЖД