
Бүгін Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өрт сөндіру бөлімдерінде қызмет атқаратын жас қызметкерлермен қаладағы Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта орналасқан мұражайға экскурсия ұйымдастырды. Аталған шараны өткізудегі мақсат жас мамандардың бойларында Отанға, елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру, ел тәуелсіздігіне тікелей атсалысқан тұлғаларды тереңірек танып білу.
Жамбыл облысы ТЖД