Тәуелсіздіктің күші бірлікте: 16 желтоқсан қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу

Тәуелсіздіктің күші бірлікте: 16 желтоқсан қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен кездесу

Мемлекеттік маңызды мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, ТЖД мәжіліс залында маңызды кездесу өтті. ТЖД жеке құрамы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Фарида Нақышпен Ербол Қаншымбековті қуана қарсы алды. Іс-шара барысында Ассамблея өкілдері Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамдарын және елдегі барлық этникалық топтардың бірлігі мен келісімінің маңыздылығын атап өтті. Ассамблеяның белсенді мүшелері Фарида Нақыш пен Ербол Қаншымбеков 16 желтоқсан - Қазақстан Тәуелсіздігі күні - бұл тек еркіндіктің ғана емес, сонымен қатар ұлттың ішкі бірлігінің символы екенін айтты. Кездесу өзара құрмет пен түсіністік негізінде жоғары деңгейде аяқталып, Қазақстанның Тәуелсіздігі тек тарихи оқиға емес, әрбір азаматтың өз үлесімен күшті әрі тәуелсіз ел құру үшін күнделікті еңбек етуі екендігіне назар аударылды. Ассамблея өкілдері елдің тыныштығы мен бірлігін сақтаудың, сондай-ақ мемлекеттік бірегейлік пен рухани жаңғыруды нығайту үшін жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай кездесулер мемлекеттік құрылымдар қызметкерлеріне елдің тарихи және мәдени ерекшеліктерін тереңірек түсінуге ғана емес, сондай-ақ болашақты өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде құруға белсене қатысуға мүмкіндік беретін маңызды дәстүрге айналуда.

Жамбыл облысы ТЖД