
Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тактикалық және арнайы даярлық бойынша жылдық қорытынды сынақтан өтті. Сынақ барысында жеке құрамның кәсіби шеберлігі, дене дайындығы, тактикалық іс-қимылдарды орындау қабілеті және құтқару дағдылары жан-жақты бағаланды. Өрт сөндірушілер төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекеттерді дәл, жедел және үйлесімді орындау арқылы өздерінің жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл сынақ — өрт сөндіру бөлімшелерінің халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және шұғыл жағдайларда тиімді әрекет етуге толық әзірлігін айқындайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.
Жамбыл облысы ТЖД