Таразда “Желтоқсан қаһармандары” мұражайына ТЖМ дәрігерлері барды

Таразда “Желтоқсан қаһармандары” мұражайына ТЖМ дәрігерлері барды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Тараз қаласында 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының батырларын ұлықтайтын “Желтоқсан қаһармандары” мұражайы ашылды. ҚР ТЖМ “Апаттар медицинасы орталығы” ММ Жамбыл облысы филиалының дәрігерлері мұражайға барып, Алматыдан келген қонақтармен бірге желтоқсан оқиғасына қатысушылардың естеліктерін тыңдап, экспозициямен танысты. Іс-шара жастардың патриоттық сезімін күшейту және тарихи сананы қалыптастыру мақсатында өтті. Филиал басшысы Бақытжан Пернебайұлы Жамбыл облыстық “Желтоқсан 86” қоғамдық бірлестігі тарапынан “Қазақстан патриоты” төс белгісімен марапатталды. Мұражайға сапар қатысушылардың жүрегінде терең әсер қалдырды.

Жамбыл облысы ТЖД