Өрт сөндірушілердің жылдық дайындық сынағы өтті

Өрт сөндірушілердің жылдық дайындық сынағы өтті

Тараз, Жамбыл және Байзақ аудандарының өрт сөндіру бөлімдерінде тактикалық арнайы даярлау бағдарламасына сәйкес жеке құрамнан жылдық қорытынды сынақ қабылданды. Сынақ барысында қызметкерлердің кәсіби шеберлігі, дене дайындығы, тактикалық іс-қимылдарды орындау қабілеті және нормативтерді уақытылы әрі дұрыс орындауы тексерілді. Әр бөлімшенің өрт сөндіру тактикасы, жоғары қабатқа көтерілу, жеке құрал-жабдықтарды пайдалану және құтқару тәсілдері бойынша машықтары бағаланды. Жылдық сынақ нәтижесінде бөлімшелердің жалпы қызметтік дайындығы сараланып, олардың кәсіби деңгейі бойынша қорытынды жасалды. Бұл сынақтар өрт сөндірушілердің шұғыл жағдайларда жедел әрі үйлесімді әрекет ету қабілетін нығайтуға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД