
Т. Рысқұлов ауданы ТЖБ №10 өрт сөндіру бөлімінде полиция қызметкері мен психологтар қатысқан «Отбасылық зорлық-зомбылық» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Спикерлер Мемлекет басшысының бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қоғамға қауіптілігін түсіндірді. «Отан – отбасынан басталады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, отбасы мүшелерінің құқықтарын құрметтеуге және зорлық-зомбылыққа жол бермеуге шақырды. Семинар соңында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа куә болған жағдайда полицияның 102 нөміріне хабарлау қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД