Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Балтабай Адамбаев атындағы орта мектепте өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар мен мектеп ұжымына өрттің алдын алу шараларын түсіндіру, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін үйрету. Қызметкерлер тұрмыста және білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін, электр құралдарын қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндіріп, эвакуациялау жоспарын таныстырды. Сонымен қатар, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану тәртібі көрсетіліп, қауіп төнген жағдайда хабар беру алгоритмі түсіндірілді.
Жамбыл облысы ТЖД