Т. Рысқұлов ауданында оқушыларға қауіпсіздік бойынша ашық сабақ өтті

Т. Рысқұлов ауданында оқушыларға қауіпсіздік бойынша ашық сабақ өтті

Т. Рысқұлов ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мектеп оқушылары үшін қауіпсіздік тақырыптарына арналған ашық сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында балаларға улы газдан сақтану, тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау, сондай-ақ мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері туралы маңызды ақпарат жеткізілді. Құтқарушылар әр тақырып бойынша нақты мысалдар келтіріп, қауіп төніп тұрған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, оқушыларға М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу талаптары мен мамандықтың ерекшеліктері таныстырылды.

Жамбыл облысы ТЖД