
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Республикалық «Газбаллон» акциясы аясында «Көпқабатты тұрғынүйлерде газ баллонын қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен электр құралдарын дұрыс пайдалану» және тағы басқа маңызды тақырыптар аясында Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғынүйлерді аралап, ескерту жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға ТЖ қызметкерлерімен бірге Полиция қызметі, Жергілікті атқарушы орган, “Аманат” еріктілер ұйымының өкілдері де жұмылдырылды. Мұндай бағыттағы шаралар алдағы уақытта одан әрі жалғасады.
Жамбыл облысы ТЖД