Тараз қаласында студенттермен сабақ өтті

Тараз қаласында студенттермен сабақ өтті

Бүгін Тараз қаласы ТЖБ №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында Тараз қалалық мамандандырылған колледжінің студенттерінің қатысуымен «Жер сілкінісі кезінде атқарылу тиіс әрекеттер», «Уланған аумақтағы сақтану шаралары» және тағы басқа маңызды тақырыптарды қамтумен сабақ өтті. Шараны Жамбыл облысы ТЖД Азаматық қорғаныс басқармасының офицерлері жүргізіп, студенттерге жоғарыдағы тақырыптар бойынша жан-жақты тереңдетілген білім берді. Сондай-ақ олар ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсудің шарттарымен таныстырып, одан әрі ҚР ТЖМ әскери бөлімдері бойынша ақпарат беруді де естен шығармады. Студенттер шара соңында өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарына тиісті деңгейде жауаптарын алды.

Жамбыл облысы ТЖД