
Жамбыл облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дархан Қалдырбек өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірде табиғи өрттердің алдын алу бағытында атқарылған шаралар туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, облыста орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жою бойынша жоспарлар жаңартылып, уәкілетті органдармен келісілген. Сондай-ақ өзара іс-қимыл тетіктері күшейтіліп, тиісті қызметтердің қатысуымен бірлескен оқу-жаттығулар мен даярлық шаралары өткізілген. Жол қызметтері мен орман шаруашылығы ұйымдары өрттің алдын алуға бағытталған жұмыстарды, оның ішінде өртке қарсы жолақтарды жасау мен ақпараттық материалдарды орнату жұмыстарын жүзеге асырды. Бұдан бөлек, шалғай елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері мен ерікті өртке қарсы құралымдарды дамыту жалғасуда. Бұл өртке ден қою уақытын қысқартып, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Дархан Қалдырбек табиғи өрттернің алдын алу мәселесі өңірдегі ТЖД жұмысындағы басым бағыттардың бірі болып қала berетінін атап өтті.
Жамбыл облысы ТЖД