
Жамбыл облысында 1 желтоқсаннан бастап еліміз бойынша басталған «Газбаллон» республикалық акциясы аясындағы профилактикалық іс-шаралар күн сайын жүргізілуде.
Аймақтың ТЖД қызметкерлері газбаллонды жабдық орнатылған автокөлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сауда орталығының жерасты автотұрағында құтқарушылар ГБЖ қауіпсіз пайдалану қағидаларын, авариялық жағдайлардың себептерін және газдың ағуы мен өрттің алдын алу үшін қажетті шараларды түсіндіреді.
Профилактикалық жұмыс облыстық және республикалық маңыздағы жолдарда да ұйымдастырылуда. Жүргізушілерге жабдықты уақытылы техникалық тексеруден өткізу және қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі ескертіледі.
Акцияның мақсаты – газбаллонды жабдықты дұрыс пайдаланбаудан туындайтын оқиғалардың санын азайту және қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Жамбыл облысы ТЖД