
Жамбыл облыстық мамандандырылған «Оңалту» орталығында Байзақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің Сарыкемер ауылы Nº8 өрт сөндіру бөлімінің жеке кұрамымен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Аталған шараға Тараз қаласынан №4, №20 өрт сөндіру бөлімдері, Түймекент және Кеңес ауылдық өрт сөндіру бекеттері, аудандық орталық аурухананың жедел-жәрдем кызметкерлері мен Апаттық құтқару қызметтері жұмылдырылды. Шараға барлыгы 11 бірлік техника мен 60 адам катысты. Сценарий бойынша Оңалту орталығынан егу бөлмесінен шартты өрт шыққан, шыққан. Нысан қызметкерлері өрт сөндірушілерді жедел шақырып, олар келгенге дейін өздеріне тисті жұмыстарды аткарған. Өрт-тактикалык жаттығу барысында 2 жауынгерлік участок құрылды жене 3 газ-түтіннен коғау буыны құрылып, өртті сөндіру, адамдарды құткару жұмыстарын жүргізді. Шартты өрттің ауданы 300 ш.м құрады. Оқиға орнынан жалпы 1 адам құткарылып, 50 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Өрт сөндіруші-құткарушылар шартты өрт оқиғасын дер кезінде жойды және жеке құрам аталған ғимараттың ерекшеліктерімен танысып, шара қорытындыланды.
Жамбыл облысы ТЖД