
Бүгін «Қазақстан теміржолы» мекемесінің Жамбыл облыстық филиалындағы басқарма аппаратының ғимаратында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерімен және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өрт-тактикалық сабақ өтті. Аталған шараға Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қатысты. Барлығы 15 бірлік техника мен 30 адам қатысқан шараның сценариі бойынша аталған ғимараттың 3-қабатында орналасқан жұмыс кабинеттерінің бірінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шығып, нысан қызметкерлері өрт сөндірушілерді жедел шақырған. Өрт-тактикалық сабақ барысында 1 жауынгерлік участок құрылды және 1 газ-түтіннен қорғау буыны құрылып, өртті сөндіру, адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. Шартты өрттің ауданы 100 ш.м құрады. Оқиға орнынан жалпы 1 адам құтқарылып, 180 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар шартты өрт оқиғасын дер кезінде жойды. Шара соңында Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері аталған нысан қызметкерлерімен өрт туындағанда атқарылуы тиіс алғашқы әрекеттерді пысықтап, өрт сөндіргішті қалай қолдану қажеттігін түсіндіріп, одан әрі жеке құрам аталған ғимараттың ерекшеліктерімен танысып, шара қорытындыланды.
Жамбыл облысы ТЖД