
«ҚТЖ – ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» ЖШС – «ОТЫН РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» филиалының Тараз қалалық жанармай қоймасында Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен өрт-тактикалық жаттығу өтті. Аталған шараға Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері де қатысты. Барлығы 11 бірлік техника мен 50 адам қатысқан шараның сценариі бойынша 2000 кубтық резевуардан шартты өрт шығып, нысан қызметкерлері өрт сөндірушілерді жедел шақырып, олар келгенге дейін өздеріне тиісті жұмыстарды атқарған. Өрт-тактикалық жаттығу барысында 2 жауынгерлік участок құрылды және 2 газ-түтіннен қорғау буыны құрылып, өртті сөндіру, адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізді. Шартты өрттің ауданы 200 ш.м құрады. Оқиға орнынан жалпы 1 адам құтқарылып, 50 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар шартты өрт оқиғасын дер кезінде жойды және шара соңында аталған нысан қызметкерлерімен өрт туындағанда атқарылуы тиіс алғашқы әректтерді тағы бір пысықтап, одан әрі жеке құрам аталған ғимараттың ерекшеліктерімен танысып, шара қорытындыланды.
Жамбыл облысы ТЖД