Облыстық телеарна редакторы ТЖМ мерейтойлық медалімен марапатталды

Облыстық телеарна редакторы ТЖМ мерейтойлық медалімен марапатталды

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «Төтенше жағдайлар министрлігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін табыстау рәсімі өтті. Осы жоғары марапатқа облыстық «Jambyl» телеарнасының редакторы Риналь Риннатұлы Рахматуллин ие болды. Марапатты Жамбыл облысы ТЖД бастығы табыстап, Риналь Риннатұлының азаматтық қорғау қызметінің ақпараттық қамтамасыз етілуіне және құтқарушы мамандығын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті. Риналь Рахматуллин көптеген жылдар бойы құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзге де бөлімшелердің қызметін жарыққа шығарып келеді. Оның телеарна эфиріндегі және әлеуметтік желілердегі материалдары қызметкерлердің күнделікті еңбегі, профилактикалық іс-шаралар, оқу-жаттығулар мен төтенше жағдайларды жою жұмыстары туралы кеңінен баяндайды. 2015 жылдан бері Риналь «Служба спасения» бағдарламасының жүргізушісі болып табылады. Бұл жоба халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды ақпараттық алаңға айналды. Мерейтойлық медаль оның көпжылдық еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және құтқарушылар қызметінің беделін арттыру мен қоғамда қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға қосқан жеке үлесінің мойындалуы болып табылады.

Жамбыл облысы ТЖД