
Тараз қаласында «Жамбыл Транстелеком» АҚ филиалының базасында өрт-тактикалық сабақ өтті. Шараның негізгі мақсаты – адамдар көп шоғырланатын орындарда өрттің алдын алу мен оны сөндіру іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ құтқарушылар мен мекеме қызметкерлерінің өзара іс-қимылын нығайту болды. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша өрт ғимараттың екінші қабатында қысқа тұйықталу салдарынан шыққан. Мекеме қызметкерлері оқиға туралы дер кезінде хабарлап, адамдарды эвакуациялауға кірісті. Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, жауынгерлік аймақ құрып, шартты өртті сөндіріп, екі зардап шеккен адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Ғимараттан барлығы бірнеше ондаған адам эвакуацияланды. Сабақ қорытындысы бойынша құтқарушылар мен мекеме өкілдері өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін тағы бір пысықтап, нысанның ерекшеліктерімен танысты.
Жамбыл облысы ТЖД