Тараз қаласында білімгерлермен кездесу өтті

Тараз қаласында білімгерлермен кездесу өтті

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Білімгерлер үйі» жатақханасында тұратын студенттермен сабақ өткізді. Кездесу барысында құтқарушылар студенттерге өрт қауіпсіздігі ережелерін және төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар, электр құралдарын дұрыс пайдалану, эвакуациялау жолдары және 112 нөміріне хабарласу тәртібі жөнінде айтылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өз өмірі мен өзгенің өміріне жауапкершілік сезімін арттыру.

Жамбыл облысы ТЖД