Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс – басты назарда

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс – басты назарда

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және радиациялық, химиялық, биологиялық қорғаныс бөлімшелерінің дайындық деңгейін арттыру мақсатында күштік құрылымдардың қатысуымен бірлескен жаттығулар өткізілді. «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің базасында радиациялық және химиялық қауіпті жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Құтқарушылар радиация деңгейін өлшеуге арналған дозиметрлер мен ұшқышсыз құрылғыларды қолдануды, химиялық барлау аспаптарымен жұмыс істеуді және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды үйренді. Жаттығулар РХБ қорғаныс бойынша практикалық дағдыларды жетілдіруге және өңір халқы мен өндірістік нысандардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жамбыл облысы ТЖД