
Өңірдегі бөлімшелер Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бақылауымен сыртқы су көздеріне, соның ішінде өрт сөндіру гидранттарына қызмет көрсету бойынша маусымдық күзгі жұмыстарды жүргізуде. Алдын алу шаралары аясында гидранттардың техникалық жағдайы тексеріліп, қажет болған жағдайда тазалау және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мұндай шаралар, әсіресе қыс мезгілінде, өртті сөндіру кезінде судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұдан бөлек, өңірде өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту және цифрландыру шаралары жүзеге асырылуда. Қалалық өрт сөндіру гидранттарының координаттарын Google Maps қосымшасына кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда. Бұл өрт сөндіру қызметтеріне гидранттардың нақты орнын жедел анықтауға мүмкіндік береді. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру және төтенше жағдайлар кезінде өртке қарсы бөлімшелердің жедел әрекет ету қабілетін күшейту.
Жамбыл облысы ТЖД