Таразда құтқарушылар рейд барысында 600-ден астам үйді аралады

Таразда құтқарушылар рейд барысында 600-ден астам үйді аралады

Тараз қаласының Шөлдала тұрғын алқабында жылыту маусымының басталуына орай өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды акция өтті. Іс-шараның мақсаты — тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салу және көмірқышқыл газымен улану жағдайларын болдырмау. Акцияға Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері, газ қызметінің мамандары, полицейлер және еріктілерден құралған 66 адам қатысты. Олар бірлесіп 625 үйді аралап, жылыту құралдары мен мұржалардың жағдайын тексеріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Профилактика барысында 23 улы газ анықтайтын датчик орнатылып, 15 мұржа тазартылды. Мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіліп, тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД