
Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдермен профилактикалық жұмыс жүргізу мақсатында №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күнін ұйымдастырды. Іс-шара барысында оқушыларға құтқарушылардың күнделікті қызмет барысы таныстырылып, өрт сөндіру техникасының жұмыс істеу принциптері мен арнайы құрал-жабдықтары көрсетілді. Шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің төтенше жағдайлар саласына қызығушылығын арттыру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, қоғамдық тәртіпті сақтауға баулу және әртүрлі қателіктерге бой алдырмауға тәрбиелеу болып табылады.
Жамбыл облысы ТЖД