Таразда өрт-тактикалық сабақ өтті

Таразда өрт-тактикалық сабақ өтті

Бүгін Тараз қаласы QazaqGaz Aimaq ғимаратында өрт кезінде іс-қимылдарды пысықтауға арналған өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Оған Жамбыл облысы ТЖ Департаментінің 1 арнайы және 2 негізгі техникасы мен 15 қызметкері қатысты. Сабақ барысында өрт сөндірушілер автосаты және ГТҚҚ буыны арқылы үш адамды қауіпсіз жерге шығарып, жалпы 56 адамды эвакуациялады. Сонымен қатар, Тараз қаласы ТЖ басқармасының мамандары қызметкерлерге алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану тәсілдерін түсіндірді.

Жамбыл облысы ТЖД