ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесі, индексі 080012, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 13 үй, электрондық мекен жайы: ok_dchs_zham@emer.kz; анықтама үшін телефондар: (87262)-99-90-53; (87262)-999-087, азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасу үшін бос лауазымдарға құжаттарды жинақтаудыжариялайды. Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылғы 24қазаннан мен 7 қараша аралығында. Лауазым: Өрт сөндіруші-құтқарушы (санаты C–SV-13) –Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы «Халық қаһарманы» М.Айманов атындағы №2 Мамандандырылғанөрт сөндіру бөліміне – 1 бірлік. Функционалдық міндеттері: Жауынгерлік кезекшілікке түскен кезде бекітілген өрт-техникалық құралдарын қабылдау; бектіліген тыныс алу органдарын жеке қорғау құралын тексеру; постта, күзетте және ішкі нарядта қарауылдық қызмет атқаруда қарауыл құрамында міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету; өрттерде арнайы жұмыстарды іске асыру; адамдарды құтқару кезінде шаралар қабылдау және адамдарды ескерту; зардап шегушілерге дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету; материалдық құндылықтардың сақталуына жұмыстар жасау және оларды көшіру; Жауынгерлік кезекшілік кезінде еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша Ережелер талаптарын сақтау. Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 153 432,99 теңгеден 207 231,87 теңгеге дейін. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі орта (одан кем емес), жасы 18-ге толған және 35 жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ ҚР заңнамасына сәйкес оңды себеппен мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Үміткерлердің құжаттарына кадр қызметі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 2 қарашадағы № 758 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес берген медициналық куәландыру туралы анықтаманы және полиграфологиялық зерттеудің нәтижесін қосады. Шектеулер: «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2 тармағына сәйкес шектеулері бар тұлғалар, сонымен қатар, қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер (17-бап) мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді (12-бап) қабылдаудан бас тартқан тұлғаларқұқық қорғау қызметіне қабылданбайды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау орны:  Тараз қаласы Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік мекемесі, 3-қабат, Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы, №35 кабинет, жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін.     Қажетті құжаттар тізімі: 1) нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш (кадр бөлімінде толтырылады); 2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған); 4) нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян (кадр бөлімінде толтырылады); 5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса); 7) 3,5 х 4,5 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (8дана). 8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар; 9) нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы (кадр бөлімінде толтырылады); 10) нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы (кадр бөлімінде толтырылады). Құжаттар пакетін толық емес көлемде ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Жамбыл облысы ТЖД