Таразда мектеп оқушыларының телефондарына қауіпсіздік жапсырмалары жапсырылды

Таразда мектеп оқушыларының телефондарына қауіпсіздік жапсырмалары жапсырылды

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Тараз қаласының мектеп оқушылары арасында профилактикалық акция өткізді.

Құтқарушылар оқушылардың телефондарына «112» жедел қызметінің нөмірі көрсетілген қауіпсіздік жапсырмаларын жапсырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету маңыздылығын еске салды.

Акцияның мақсаты – балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Жамбыл облысы ТЖД