
Шу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі гарнизонының қызметкерлері өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Шу қаласындағы Макаренко атындағы орта мектепте оқушылармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға өрт сөндіру автокөлігі мен арнайы техникалар таныстырылып, олардың құрылымы мен қолдану тәсілдері түсіндірілді. Құтқарушылар әрбір құралдың төтенше жағдай кезіндегі маңызы мен атқаратын қызметін көрсетті. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелері, тұрмыстағы өрттің алдын алу шаралары және төтенше жағдай кезіндегі дұрыс іс-қимылдар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға бейнеролик көрсетіліп, өрт туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалу қажеттігі ескертілді.
Жамбыл облысы ТЖД